Өмір баян

Айтұлы Қабақ /шамамен 1611-1689ж. қазіргі Өзбекстан, Шыршық өзені, Аққайран деген жер/ - Ноғай Ордасының билеушісі Мұсахан ұрпағы. Ел ұйтқысы болған би. Есімі руға шыққан. Сайрам соғысының /1681-84/ қаһарманы Тілеу Айтұлының туған ағасы. Ағайынды екеуіне қатысты “Тілеу-Қабақ” дейтін ән бар. Ойраттарға қарсы күрескен Бақтыбай, Жарас, Қарабас батырлардың, отарлық езгіге қарсы күрескен Есет Көтібарұлы, Ерназар-Бекет батырлардың, Әзберген Мұңайтпасұлының, т.б. әйгілі адамдардың арғы атасы. Ақтөбе облысында ондаған мың ұрпақтары тұрады.

Ақтөбе энциклопедиясы, 2001 жыл, 221-бет