Қордың тарихы

2009 жылы Наурыз айының 19 күні марқұм, Р.Нұржанов бас болып Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе Өңірлік Мемлекеттік университетінің оқу бөлмесінде өткізген жиналыста, өзінің "Қабақ баба" қоғамдық қорының басшысы болғанын, қор есепшісі Г.Наурызбаеваны таныстырып, банктен есеп шот ашылғанын, дайындап келген алға қойған мақсаттары мен жоспарын, қордың салалы топтарымен таныстырды.

1. «Қабақ баба» қоғамдық қорының төрағасы – Рамазан Нұржанов

(2009 жыл, қазан айына дейін)

image

Рамазан Нұржанов 1933 жылы 15 қазанда Шалқар ауданының №13 ауылында Қаражиде елді мекенінде дүниеге келген. 1955 жылы Әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық универсиетінің тарих факультетін бітіріп, туған жеріндегі Қорғантұз орта мектебінде мамандығы бойынша еңбек етті. Тумысынан санасы мен рухы- кең, сөзі мен ісі- тең, жалындаған жас өз замандастарының көшбасшысы болып, әп дегенде көзге түсіп, аудандық комсомол комитетіне қызметке алынды.

Шалқарда жастар ұйымын басқарып, үнемі жаңашыл істерімен көрінді. 1961 жылы 27 жастағы жас жігітке үлкен сенім артылып, аупарткомның екінші хатшысы болып сайланды. Осы жылдары қосымша зоотехникалық мамандығын алған Р.Нұржанов ауданда мал басын еселеп өсіруде, шаруашылықты басқаруда жаңа өзгерістер енгізуде іскерлік танытты. Осы жылдары ауыл шаруашылығы саласында жинақтаған тәжірибесін, ол Байғанин және Қарабұтақ аудандарында екінші хатшы қызметін атқарған кезеңдерде тұрғындар мүддесіне жұмсады. Шаруашылық пен әлеуметтік сала тізгінін тең ұстап, ел игілігіне пайдаланылатын нысандарды іске қосуға тікелей мұрындық болды. Тәжірибе мен теориялық білімді ұштастыруды кәсіп еткен ол 1973- 1975 жылдары СОКП Орталық комитеті жанындағы Жоғары партия мектебінде білімін жетілдірді, аса бай тәжірибе жинады. Рухани биіктей түсті. Сексенінші жылдары Рамазан Нұржанов облпарткомның бөлім меңгерушісінің орынбасары, Саяси – ағарту Үйінің меңгерушісі, баспасөз, полиграфия және кітап саудасы басқармасының бастығы қызметтерін атқарды. Ол облыстық Саяси- ағарту Үйін ашуға, полиграфия ісінде жаңа технология енгізуге ат салысып, елеулі үлес қосты. Бұдан кейін ол Темір ауданын жеті жылдай басқарып, аудан тұрғындары үшін күні бүгінге дейін еске қаларлық игі шараларды іске асыруда үлкен ұйымдастырушылық қабілетін көрсетті. Рамазан Нұржанов 1990 жылдан бастап құрметті демалысқа шыққанға дейін облыстық Кеңес төрағасының орынбасары, төраға міндетін атқарды. Облыстық өкілді органға депутат болып бірнеше мәрте сайланды. Ол шын мәнінде, облыс халқы сыйлаған ел ағасы бола білді. Рамазан Нұржанұлы елімізге, туған өлкемізге сіңірген еңбегі үшін Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен, Құрмет Грамоталарымен және бірнеше медальдармен марапатталған.

Ол өзінің пайымды пікірімен, ұстамды көзқарасымен, елден ерек зеректігімен, жаратылысы мол пішімімен, көсіле сөйлейтін көсемдігімен, шешіле сөйлейтін шешендігімен көне дәуірден осы заманға дейін тұлғасы жоғалмай келе жатқан белгілі ғұламалар мен даналардың сарқытындай көрінуші еді. Әрқашан өзінің байыпты ойымен де, келісті түр- сипатымен де адамды жанына баурап алатын. Рамазан Нұржанов өзінің төл мамандығына сай елдегі болып жатқан жаңа өзгерістерге білімділікпен, білгірлікпен араласатын. Өз дәуірінің озық тұлғалары- Тама Есет батырды, Көтібар батырды, Есет- Дәрібайды, кердері Әубәкірді, Әйтеке биді, Жарас Пұсырманұлын ұлықтауда төрде отырып, төрелік айтып отыратын. Оның жүріп өткен өмір жолы соңғы бес- алты жыл бедерінде жарыққа шыққан «Мирас». «Атадан- бата, ұрпақтан -ізет», «Оралу»,- деп аталатын тарихи- этнографиялық, тағылымдық, көркем- публистикалық еңбектерінде баяндалып, бүгінгі және келер ұрпақ үшін шынайы адами ғұмырдың бағдаршамындай болып қалды. Ол соңына осындай рухани мұрасымен бірге Ақпатша- Ана екеуі тәрбиелеп өсірген алтын асықтай ұл- қыздары мен немерелерін қалдырып кетті. Заманының озығы Шәкәрімнің: «Мейрім, ынсап, ақ пейіл, адал еңбек- осы төртеуі кімнің бойында болса- сол шын адам болады»,- деген даналық сөзі Рамазан Нұржанов секілді біртуар, ардақты, асыл Азаматтарға айтылғандай. Марқұм Рамазан Нұржановтың айналасына жылу шашып, шапағатын төгіп тұратын, кең пейілді, мейірімді жүзі облыс жұртшылығының есінде мәңгі сақталады. («Әсем ғұмыр» кітабынан, 8-10 бет)

2. «Қабақ баба» қоғамдық қорының (марқұм, Рамазан Нұржанов ағамыздан кейінгі) төрағасы - Имұхамбет қажы Абиболлаұлы Ырсалы (2009 жылғы қазан айынан 2015 жылғы ақпан айына дейін)

image

Ырсалы Имұхамбет Абиболлаұлы – Ақтөбе облысы Шалқар қаласында қаңтар айының 28-ші жұлдызында дүниеге келген, білімі жоғары, 1993 жылы Алматы Қазақ Мемлекеттік экономикалық университетін және 1976 жылы Астана (Целиноград) қаржы- экономикалық техникумын бітірген.

1969 жылы № 1 Шалқар қазақ орта мектебін бітіргеннен кейін еңбек жолын Ақтөбе облыстық кинофикациясының Шалқар қаласындағы «Родина» кинотеатрында суретші болып қызмет жасаған.

1974-1977 жылдар аралығында Қаржы Министрлігі Ақтөбе облыстық Шалқар ауданының қамсыздандыру инспекциясының инспекторы, бас инспекторы, осы инспекцияның бастығының міндетін атқарған.

1977-1980 жылдар аралығында Ақтөбе облыстық кинофикациясының Шалқар қаласындағы «Родина» кинотеатрының басшылығына тағайындалып, директорлық қызметін атқарған.

1982 жылдан Ақтөбе қаласы Пролетар аудандық, Ақтөбе қалалық қаржы бөлімінде салық инспекторы, бас салық инспекторы, бөлім бастығы міндетін атқарған.

1990 жылдың шілде айының 1-ші жұлдызынан Салық инспекциясы құрылғаннан бастап Ақтөбе қаласы Салық инспекциясының бас салық инспекторы, бөлім бастығы, инспекцияның салық жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.

1999 жылдан Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кіріс (салық) департаментінің бас маманы болып қызметін аброймен атқарып, 2015 жылы құрметті зейнеткерлікке шықса да қоғам жұмысына араласып келеді.

«Азат» қозғалысы мен «Азат» партиясы қоғамдық саяси ұйымдарына мүше ретінде, Ақтөбе қаласында, облысында қазақ бала бақшалары мен қазақ мектептерін ашуға белсене араласқан.

Қазақ ССР Ақтөбе облыстық Советінің депутаты болып сайланған.

Еліміздің тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқарудың дамуы мен қалыптасуына қосқан елеулі үлесі үшін «Қазақстан мәслихаттарына 20 – жыл» медалімен, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні Қазақстан Республикасының «Қаржы қызметінің үздігі» төс белгісімен марапатталған.

Қаржы - салық органындағы қалтқысыз, адал да абыройлы қызметі мен өңіріміздегі тұрақтылық пен әлеуметтік- экономикалық қуатымызды нығайтуда белсенді еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет Комитетінің, Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің, Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі Салық комитетінің, бірнеше рет Ақтөбе облысы Әкімінің, Ақтөбе облысы Мәслихатының, Ақтөбе облысы бойынша Салық департаментінің т.б,.құрмет грамоталарымен марапатталған.

3. Мұхамбетуллин Амағали Мұхамбетуллаұлы.

(Қор басшысы- 2015 жылдың ақпан айынан- қазан айына дейін).

image

Ақтөбе облысы Шалқар қаласында 1949 жылы 29 қаңтарда дүниеге келген. Шалқар қаласындағы № 1 Қазақ орта мектебін 1956- 1966 жылы бітірген. Ақтөбе құрылыс техникумына 1968 жылы түсіп, 1974 жылы бітірген. Ақтөбе құрылыс техникумына 1968 жылы түсіп, сол 1968-1970 жылдары Совет Армиясы қатарына шақырылып, Отан алдындағы борышын өтеген. 1971-1974 жылдары Ақтөбе құрылыс техникумын аяқтайды.

Еңбек жолын Ақтөбе облысы Шалқар, Октябрьск (Қандыағаш), Ақтөбе қалаларындағы су шаруашылығы, құрылыс мекемелерінде 1974-2012 жылдары аралығында мастер, прораб, начальник участка, главный инженер болып қызмет атқарды. 2012 жылы зейнеткерлікке шықты.

1973 жылы отбасы құрып, балалары мен немерелері бар.

XVIII-XIX ғ Патшалық Ресейдің отарлау саясатына, қалмақ-жоңғар шапқыншылығына, Хиуа хандығына қарсы елін, жерін қорғаған ерен ерліктерімен қазақ тарихында өшпес із қалдырған Қабақ Айтұлы ұрпақтары Батыр бабаларымыз: Қарабас Пысырманұлы, Көтібар Бәсенұлы, Арыстан Тінәліұлы, Есет Көтібарұлы, Бекет Серкебайұлы,

Ерназар Кенжалыұлы, Жанаман Аһұн аталарымыздың есімдерін қастерлеп, ұлықтап ел жадында қалдыру және де Батыр бабаларымыздың өр рухын өскелен жастардың бойына сіңіру мақсатында Ақтөбе облысында өткен іс-шаралардың ұйымдастырушыларының бірі.

Арыстан батыр Тінәліұлы кесенесінің (2005 жыл), Ерназар батыр

Кенжалыұлы, Бекет батыр Серкебайұлы ескерткішінің (2013 жыл) авторы.

Р. Нұржанов ағамызға шыққан «Әсем ғұмыр» (9.09.2010 ж, Ақтөбе полиграфия) естелік кітабының авторларының бірі.

2011 жылы Ақтөбе қаласының Заречный- 3 ауданындағы «Қабақ баба»

мешітінің прорабы. Мешіттің қазығын қағып, фундаменті салынды, суы кірді.

Сәуір 2015 ж- қазан 2015 жыл аралығында «Қабақ баба» қоғамдық

қорының басшысы қызметін атқарған. Мешіт құрылысының І-ІІ этажын көтеріп, бітірген. Ішкі жылу жүйелері, электр жүйесі, сылақ жұмыстары, полы (черновой), суы кіргізіліп, терезелері салынды. Жылу котелдары қойылып, сыртқы су және жылу жүйелері салынды.

2013 жылы Шалқар ауданының «Жыл адамы» атағы берілді.

4.Үмбетайұлы Амантай қажы

image

(2015 жылдың қазан айынан қор басшысы).

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы, Бозой елді мекенінде 1973 жылы 10 қаращада дүниеге келген. Бозой Қазақ- орыс орта мектебінің 11 сыныбын бітірген.

1990-1999жылдары Газ сала саласында турлi жумыстар слесарь, сварщик, жургiзушi, диспечер, 1999-2003ж Актобе облысы бойынша колiктiк бакылау Комитетiнде жургiзушi маман кызметiн аткарган. 2005жылдан бастап жеке касiппен айналысып, курылыс жане артурлi шаруашылык мекемелер баскарған.

Актобе, Орал, Кызылорда онiрлерiнде улкен газатурбиналык электрстанциялар, жане осындай курделi жобаларга катысты электр желiлерiнiн курылыстарын iске косуга улесін косып, 2015 жылдың сәуір айынанан бастап «Кабак баба» корынын курылтайшысы, 2015 жылдың қазан айынан «Кабак баба» корынын торагасы боп сайланып, «Кабак баба» мешiтінің жумыстарын кайта жандандырып, курылыс жумыстарын толык аткарып келеді.

Бiлiмi жогары, С.Байышев атындагы Университеттiнiн Халыкаралык экономикалык катынасын 2003 жылы тәмамдаган.

Жануяда 10-шы баламын, озiммен бiрге туган 9-бауырым бар, Аллам жар болсын барiне, от басылымын, колымда Анам бар, аты Бакытжан (Батыр ана). Жубайым аты Жанат, 3-балам бар, 1-шiсi ер бала аты Елнур 2001ж туылган,2-шi кызым Нурсезiм 2003ж туылган, 3-шi кызым Тогжан 2010ж туылган.

«Қабақ баба» мешітінің құрылысының жобасын жасаған Амантай Тілеужанұлы Тұрымбетовтың қысқаша ӨМІРДЕРЕГІ.

image

Амантай Тілеужанұлы Тұрымбетов 20 қазан 1950 жылы, Ақтөбе қаласында туылған. Шалқар қаласында орта мектепті бітіргеннен кейін, Қарағанды қаласындағы Политехникалық институтты 1976 жылы инженер- құрылысшы мамандығы бойынша бітіріп шыққан. Еңбек жолын 1976 жылы қазан айынан 1977 жылдың қараша айына дейін «Актюбтрестстрой» трестінде аға мастер, участок басшысы, аға прораб, бас технолог болып қызмет жасаған.1989 жылдың шілде айына дейін «Казгипросельхоз» жобалау институтында топ басшысы,1989 жылдың қазан айына дейін Ақтөбе облысы атқару көмитетінің Ішкі Істер құрылыс басқармасында құрылыс басшысы болып, облыс көлемінде бірнеше объектілерді салған.

2003 жылдың тамыз айында «Мекемелері қайта құру, тарату Агентствосында» бөлім бастығы, директордың орынбасары қызметін атқарған, өмірінің соңына дейін «Санжар» ЖШС- нің техникалық директоры болып жұмыс жасады.

Ақтөбе қаласындағы салынған үлкен фабрика, заводттардың «ПОШ», «ДГОК», «АЗХС», «Қалалық тазалау құрылысы» т.б. құрылысына қатысып өз үлесін қосқан.

2016 жылы Наурыз айының 18 күні құрылысы бітіп тұрған мешіт жұмысын жасай берсін деген ниетпен баба ұрпақтары, шақырылған қонақтар зиялы қауым үлкендер, қала әкімінің орынбасары Қ. Әлімовтың қатысуымен «Қабақ баба» мешітінің ашылу салтанаты болып, ағаш үйлер тігіліп баба рухына құран оқылып, ас берумен қорытындыланды. Тамыз айының 20 күні, мешіт құрылысын толық бітіріп, ауласы қоршалып, ауласына түрлі- түсті брусчаткалары төселіп, дайын болғаннан кейін, екі жарым мың адамға есептеп, бес жылқы сойылып, 15 ағаш үй, 200 адамдық палатка тігіліп, әр ағаш үйге ауыл аттары жазылды. Бүкіл қала, облыс, Республика көлеміндегі баба ұрпақтары, мекеме басшылары, мәслихаттың аудан, қала, облыс, республика көлеміндегі депутаттары, алты ата «Әлім», «Он екі ата байлы», «Жеті ру», «Төрт шөмен» руларының тізімін алып, дайындаған шақыру билетімен, үлкен ас берілді. Қабақ бабаға арнау орындалды. Бұрын жарияланған «Тілеу- Қабақ» ән конкурсы қортындыланып, қонкурсқа қатысқан өерпаздарға ретімен жүлделері табысталды. Былай қарағанда осы іс-шараларды өткізу, басқа біреудің атындағы жерді аударып алу, құрылыс жобасын сыздырып, басқа да толып жатқан рұсат қағаздарын алу айтар ауызға оңай болғанмен, шын мәнінде қиындықтар туғызды.

Иншалла! Абырой ортақ, осы мешіт, медресенің құрылысына қомақты үлес қосқан, қол ұшын берген барша баба ұрпақтарына, басқа да ағайындарға Аллаh разы болсын!