Қор туралы

image

Исламның бес парызы барлық мұсылманға ортақ қағида, Алла – жалғыз, Мұхаммед (с.а.с.)- оның елшісі, Құран – қасиетті кітабымыз, сунна- хадистер жинағы... Мешіт медресе тұрғызуға көмектескен дұрыс. Өйткені дүниенің қай бұрышында болмасын тұрғызылған мешіт ең алдымен Алланың үйі. Бұл бұйрықпен, үкіммен, қаулы мен әкімшілік жолымен шешілетін мәселе емес... Меккедегі Қағбаның ішіне кіргенімде мен еліме, халқыма, қазақтарға шапағатыңды аяма деп тіледім. Сол тілекті Иеміз бере бастаған сияқты...,- деген Н.Ә. Назарбаевтың 2005 жылғы деректерінен.

«Қабақ баба» мешіті

Енді, қанымызда бар ма, жас кезімнен үлкендерге, осы имам, молда аталарымызға жақын болдым, Ырсекең молданың (софының) немересі,- деп маған жылы шырай танытып батасын беретін. Қабақ Айтұлының туылғанына 405 жыл толуына орай салынған «Қабақ баба» мешітінің тарихы туралы.

Еліміздің шынайы егемендікке қол жеткізуіне байланысты өткен тарихымызға жаңаша көзқарас тұрғысынан қарап, пайымдаудың мүмкіндігі туғаны белгілі. Егемендіктің өткен жиырма жылында бұл жолда қыруар шаруа атқарылды: халық ықыласы мен билік қимылы бір жерден шығып, талай тарихи тұлғамызды ұрпақ таныды. Осындайда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бабаларын қалтқысыз қастерлей алған халық балаларының болашағын да қапысыз қамдай алады», - деген ұлағатты сөзі ойға оралады. Осылайша елімізде өткенді құрметтеу, оны бүгінгі ұрпаққа ұлағаттау ісі халық пен билік тарапынан қолдау тауып отырғанда, біз де қоғамымыздың бүгіні мен болашағы үшін бір игілікті істі қолға алуды жөн көрдік: ол – кезінде аймағына иманымен аты шыққан, мұсылман дінін уағыздауда өзіндік орны бар тұлға Қабақ Айтұлына арналған іс-шаралар болып отыр.

«Тілеу-Қабақ» этнонимі әйгілі «Тілеу-Қабақ» халық әні, Нұрпейістің жырлары, заңғар жазушымыз Әбжәміл Нұрпейісовтің «Қан мен тер», М.Оспановтың «Жанғожа» секілді т.б. тарихи шығармалары арқылы исі қазаққа таныс атау болып табылады. Ағайынды екі арыс – Тілеу мен Қабақ ғасырлар бойына осылайша ажырамай аталып, халық санасына сіңді. Енші алыспаған қос бабаның өздері де, кейінгі ұрпағы да заманына сай өршіл рухын бір төмендетпей өсіп-өніп келеді. Халық Тілеу бабаны қан майданда қалың қазақтың қамын жеген қас батыр, қолбасшы деп таныса, Қабақ бабаны халықты ислам дініне ұйытуда орасан еңбек сіңірген тұлға деп біледі.

Ел аузында сақталып, жиі айтылатын «Қабақтың жары молда, Сексеннің бәрі молда»,- деген сөз де осы ұғымның бір дәлелі болса керек. Ал Тілеу – Қабақтан тараған Қалдыбай, Әзберген хандар, Мөңке әулие, бес шектінің ұраны Бақтыбай, Көтібар, Арыстан, Есет, Бекет, Қарағұл, Елтезер, Жәлімбет, Нұрым батырлар, Сарышоңай, Қаражігіт билер секілді ел мен жерге еңбегі сіңген тағы басқа көптеген тарихи тұлғалар барша қазақтың мақтанышына айналды. Артынан осындай өрелі ұрпақ өрген Қабақ Айтұлының туғанына үстіміздегі жылы 405 жыл толып отыр.

Айтұлы Қабақ бабамыз шамамен 1611- 1689 жылы қазіргі Өзбекстан, Шыршық өзені, Аққайран деген жер, Ноғай ордасының билеушісі Мұсахан ұрпағы. Ел ұйтқысы болған би. Есімі руға шыққан. Ойраттарға қарсы күрескен Бақтыбай, Жарас, Қарабас т.б. батырлардың, отарлық езгіге қарсы күрескен Есет Көтібарұлы, Ерназар, Бекет, Бөгенбай, Таласбай, Елтезер, Жәлімбет, Нұрым т.б. батырлардың, қарадан хан болған Қалдыбай, Әзбергендердің т.б. әйгілі адамдардың арғы атасы. Ақтөбе облысында ондаған мың ұрпақтары тұрады. Алматыда көп уақыттан бері «КВОИТ» деген үлкен ұжымға басшы болып жүрген абыройлы азамат, Шалқар ауданының «Құрметті азаматы», «Құрмет» орденінің және бірнеше Мемлекеттік медальдардың иегері Сағит Жантөриновтың ұжымында қызмет жасайтын, сол бабамыз жатқан жер Шыршықта туып өскен Баhадур Тойшыбековтың айтуымен, ағамыз ақын, жорналшы, мемлекет қоғам қайраткері Сансызбай Құттыбаевтың басқаруымен Аққабақ деген «Әулие», «Киелі»,- деп атайтын жерге, биік төбенің, шиыршықтанып ағып жатқан Шыршық өзеніне барып, бабамыз туралы дерек жинақтап қайтқан болатын. (Бабаларға бас ием кітабынан. Сансызбай Құттыбаев,2009-2011ж.)

Әрқашан өзінің байыпты ойымен де, келісті түр- сипатымен де адамды жанына баурап алатын, осы өңірге белгілі Ақтөбе облысының Шалқар, Қарабұтақ, Байғанин аудандарын басқарған, Ақтөбе қаласында да партия, кеңес органдарында, Ақтөбе облыстық кеңесі төрағасының орынбасары Рамазан Нұржанов ағамыз елдегі болып жатқан жаңа өзгерістерге білімділікпен, білгірлікпен араласатын, біздерді де араластыратын. Өз дәуірінің озық тұлғалары: Тама Есет батыр, Бәсенұлы Көтібар батыр, Есет - Дәрібайды, Кердері Әубәкірді, Әйтеке биді, Жарас Пұсырманұлынын т.б. ұлықтауда төрде отырып, төрелек айтатын. Бұрын бабамыздың денесінің қайда жатқаны белгісіз болатын, енді Сансызбай Құттыбаевтың басқаруымен төрт - бес баба ұрпақтары, бабамыздың жатқан жерін барып, сол жақтағы көне – көз қариялармен кездесіп, сөйлесіп, зиярат етіп зерттеп келгеннен кейін, Рамазан ағамыз баба ұрпақтарын жинап, Қабақ бабамызды мәңгілік есте қалдыру үшін, қандай ұсыныстарың бар,- деген сұраққа көпшіліктің қолдауымен, ел игілігіне қызмет жасайтын Алланың үйі мешіт салайық деген ұсыныстар болды. Сонымен, 2009 жылы Наурыз айының 19 күні марқұм, Р.Нұржанов бас болып Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе Өңірлік Мемлекеттік университетінің оқу бөлмесінде өткізген жиналыста, өзінің «Қабақ баба» қоғамдық қорының басшысы болғанын, қор есепшісі Г.Наурызбаеваны таныстырып, банктен есеп шот ашылғанын, дайындап келген алға қойған мақсаттары мен жоспарын, қордың салалы топтарымен таныстырды. Шалқар ауданының бұрынғы ардагерлер кеңесініің төрағасы, баба ұрпағы О.Әділбаев «Есет- Дәрібай атындағы рухани – мәдени орталығы» діни бірлестігінің төрағасы Д.Жубаниязовтың мешіт салам деген жері бар екенін, Дүзбаймен алдын ала сөйлескенін айтты. Дүзбай осы жерді, ел мен жерге еңбегі сіңіп, тарихта есімі қалған белгілі тұлғалардың арғы бабасы, бүгінгі күні артынан осындай өрелі ұрпақ өрген, ел есінде мәңгілік қалдыру мақсатында «Қабақ баба» мешітін салуға жер учаскесін беретіндігін айтып келісімін берді. Дүзбайдың мешіт құрылысын саламын,- деп алынған Ақтөбе қаласы, Заречный- 3, елді мекеніндегі алаңы 4300 шаршы метр жер учаскесін уақытша пайдалануға беру туралы қаулысы шыққан, жер актісі бар екен, бірақ еш жерде тіркелмеген (Әділет департаменті, БТИ (Техникалық инвентаризаци бюросы),Салық, Статистика басқармалары т.с.с.). Қабақтың шаңырағы Бекенің ұрпағы болғандықтан, алдын ала анам Балжібек қажымен келісіп, жиналысқа қатысқан 50-60 адамды үйге әкеліп, Аллаh разылығы үшін,- деп, мал сойғызып, дәметкен өлі әруақтарға, оның ішінде Қабақ Айтұлы бабамызға әдейілеп құран бағышталып ас берейік,- деп келіскенбіз. Жиналыстан кейін жиналған барша баба ұрпақтары Р. Нұржанов, Ж. Алдонғаров, А. Тәңірбергенов, Ә Низамутдинов, Ж. Омаров т.б. үйге келіп, құран оқылып, үлкендердің батасын алдық. «Аллаh Тағалам! Мешіт құрылысының салынуына жәрдем беріп, жеңілдігін бергейсің!,- деп тілек тілеп, садақаға қатысқан адамдар біраз отырып, қауқылдасып, көне әңгімелер, естеліктер айтып, кеңесіп риза болып тарасты. Марқұм Р. Нұржанов ағамыз: Қабақ бабамыздың шаңырағы БЕКЕ екенін өздеріңіз білесіздер. Алла разылығы үшін Бәкеңнің (Балжібек қажы) үйінде беріліп жатқан садақасы қабыл болсын! Бұл күн тарихи күн болып есептеледі, ендігі жерде ақылдасып, кеңесетін үйіміз осы болсын»,- деген еді. Аллаh алдынан жарылқасын! Келесі жиын Ақтөбе қонақ үйінде өтетіні ескертілді. Ендігі мәселе -қаржы жинау. Мен жиен, әрі нағашы Рахметолла Мүсіркегеновтың үйіне барып, келесі жиналысқа қосатын қаржыңды Ақтөбе қонақ үйіне ала келерсің,- деп келістік. Ақтөбе қонақ үйінің мәжіліс залында жиналғандарға тапсырма беріліп, барлық шаруа қаржыға тіреліп тұрғанын, басқа да шаруаларды ақылдастық. Есеп және шаруашылық тобының жетекшісі болып сайланған И. Имановқа төмендегі қор мүшелері өздерімен бірге алып келген қаржыларын тапсырды:

1. Р. Мүсіркегенов – 3 000 000 (үш миллион) теңге,

2. О. Әділбаев (Шалқарлық-10 адам) - 100 000 (жүз мың) теңге

3. Ә. Низамутдинов – 107 000 (жүз жеті мың) теңге

4. А. Мухамбетуллин – 100 000 (жүз мың) теңге

5. Ы. Сулейменов – 60 000 (алпыс мың) теңге

1. (----------------------?) - 33 000 (отыз үш мың) теңге,

Барлығы: 3 400 000 (үш миллион төрт жүз мың) теңге болды.

Осы жиналған қаржы, оның ішінде Р.Мүсіркегеновтің Аллаh разылығы үшін, шын пейілімен берілген қомақты қаражатымен жұмыс басталды. Мешіт құрылысының басына Д.Жұбаниязов жанұясымен бірге ағаш үй тігіп, көшіп барды. Мешіт құрылысының жұмыс жобасы болған жоқ, бірақ, жоба дайын болғанша, Дүзбай өзінің жан- жақтан келген жұмысшы тарихатшыларымен, пірадарларымен хужра (қазіргі мердресе) көлемі (27м х 7м) құрылысының фундаментінің жері қазылып, тас төселіп, фундаментін құя бастады. Құрылыстың төрт бұрышына ырым жасап, теңгемізді тастап, сәттілік тілеп, біраз жігіттер, баба ұрпақтары басы- қасында болдық. Әдейі іс- сапармен Тәшкент қаласына барып, алып келдім,- деген Д.Жұбаниязовтың: Өзбекстан жеріне лайық жұмыс жобасы жоқ, сметасы, түсіндірме жазбалары жасалмаған, мешіт сүгіретіне қарап, ортамызда құрылыстан хабары бар мамандар болса да солай салатын болып ,марқұм Рамазан аға бастаған баба ұрпақтары келістік. Жерлесіміз, жеке кәсіпкер Жұмабай Асарбаевқа өтініш жасап тегін, ) «Қабақ баба» мешітің құрылысының жобасы деп жазғызып құрылысының маңына (2х3 бильборд баннер) іліп қойдық.

Бірақ қаланың бас архитекторына рұқсат алу үшін барып едім, толық жұмыс жобасы, түсіндірме жазбалары, сметасы жоқ,- деп, жобаның бұрышына мөр қойып, толықтырып әкеліңіз,- деп қайтарып берді.

Бір күні құрылыс басына софы Құрбанәлі Ахметов деген Пірәдар келе жатыр,- деп «құрылысшылар» күтіп алуға дайындалып, мал сойылды. Біз де Р.Нуржанов ағамыз бастаған үлкендеріміз, басқа да баба ұрпақтары қатысып, Пірадардың уағызын тыңдадық, бақилық болған барлық дәметкен өлі әруақтарға құран оқылып, Аллаhтан баба мешітін салуға жеңілдік, жәрдем бер,- деп тілек тіледік, Құрбанәлі Ахметов Пірадар батасын берді. Байқасақ, біздер түсінбейді екенбіз, бұларды тарихатшы «софылар», «пірадарлар» ,- деп атайды екен. Бұларды біздің қоғам қолдамайтынын кейін білдік. Р.Нұржанов ағамыз жеке кәсіпкер тумасы Нағашыбай Көккөзовке менің көзімше, ұялы телефонмен хабарласып, мешіт құрылысының басына тегін 200 (екі жүз) тоннадан астам ірілі- ұсақты тас түсіртті, кейін де ірі тастар керек болып, оны да әкеліп бергізді. Хужраның фундаментін, жарын құрылысшылар тегін Алла разылығы үшін жасап жатыр екен,- деп ойлағанмын, менің өтінішім бойынша Нағашыбай жұмысшыларға 2 (екі) қой сойып әкеліп берді, керек болса тағы да жеткізіп беретінін айтты. Аллаh разы болсын! Кілең «сақалды құрылысшыларды» көріп, Құрбанәлі Ахметовтың келгенін естігеннен кейін құқық қорғау органдарына да хабар жеткен болу керек, өздері көрінбесе де, Облыстық Ішкі Істер басқармасы Миграциядан, учаскелік полициядан, Әділет департаменті, Облыс әкімі жанындағы Діни істер басқармасы, Мемлекеттік құрылысты бақылау басқармасы, Ақтөбе облыстық Ұлттық қауіпсіздік департаменті т.б. бақылау күшейтілді. Маған да құрылыс салуға құжат болмағаннан кейін бірнеше рет ескертулер болды, бірақ Облыс көлемінде Иншаллаh! менің де Аллаға шүкір, абыройсыз еместігім, осы мекемелердің кейбірінің басшыларын танимын, кейбіреулерімен қызмет бабында араласып тұрғандықтан, кейін көп мазалаған жоқ. Сонымен, Хужра (медресе) «ракушняктан» қаланды. Жерлесіміз, руы Төртқара, құрылыс материалдарын сататын жеке кәсіпкер ИП «Қалағанов»: «Дүзбай мешіт салып жатырмын дегесін 4 (төрт куб) ағаш, балкілерді мен тегін беріп едім»,- деп, Тілеу бабамыздың ұрпағы Алтынбек қажы Дүзбайға қаржылай үлесін қосқанын айтты. Жеке кәсіпкер- Б. Жадауова менің өтінішім бойынша хужраға (медресе) кішкене бөлмеге, дәретханаға тегін пластикадан терезе жасап берді. Қасынан үлкен, қуатты жарық желісі таратылатын подстанцияны Нұржан қажы Бекмұратов бауырымыз қондырып берді. Руы - Қырғыз, оның жер теліміне екі метр кіріп кетіппіз, қаржы- салық органдарында бірге қызмет жасағанбыз. Кейін Нұржанмен бір кездескенде: «Имеке, мешіт салып жатыр дегесін үндемедім,- деді, мен рахмет Алла разы болсын,- деп батамды бердім. Жарық желісі таратылатын станцияның жер теліміне екі метр кіргеніміз, мешіт салуға жер аударып алынбағандықтан, құрылысқа рұқсаты жоқ,- деп Әділет департаментінің мамандары хужраны трактормен құлатамыз, - деген хабарды есітіп келіп, тоқтатқан жағдайлар да болды. Құқық қорғау органдарынан бақылау күшейтіліп, қиындық туып, қиналып жүргенде, екінші рет келген Ахмедов Құрбанәліге (бұл кісіні біздің құрылысшылар Піріміз,-деп қатты құрыметтейді және айтқанын екі етпей орындайды) сұрақ қойдым: «Қабақ баба» мешітін саламыз деген әрекетімізге қиындық туындап тұр, жерді аударып бермей жатыр, мешіт салуға рұқсатымыз жоқ: «Неге Үкімет жағынан Сіздерге сенбестік бар, еш теріс - амал жасап жатқан жоқ сияқтысыңдар, Аллаh тағаланың разылығы үшін құлшылық, ғибадаттарыңды жасап жатқан сияқтысыңдар»,- дегенімде Құрбанәлі: «Мен де елімде мешіт салдырып жатырмын, көптеген кедергілерді мен де көріп жатырмын, сондықтан: «ПІРАДАРЛАР! Сіздерге айтарым «Қабақ баба» мешітінің құрылысына кедергі жасамаңдар, құрылыс басындағылар бірің қалмай бұл жерден кетіңдер,- деп маған ақ батасын берді. Содан кейін олар шынында да бірі қалмай, көрінбей кетті. Бір күні И. Иманов: жұмсаған қаржысынан қалған 1 700 000 (бір миллион жеті жүз мың) теңгесін, 33 000 (отыз үш мың) теңгесін жеткізбей «Имеке жетпесін өзің бірдеңе қыларсың»,- деп қолхатпен берді, Исламның бұл әрекетін жақтырмай қалсам да алдым, бірақ өздерінің жұмсаған қаржыларының шығынын растайтын құжат бермеді. Пірадардың бұл жерден кетіңдер деген нұсқауынан кейін Д.Жубаниязов келесі бір күні: «Иеке! Өзбектерге еліне қайтуға қаражат керек жалақысын беріңіз (әрқайсысына 40 000 (қырық мыңнан) және Хужраның кішкене бөлмесінің сыртқы есігін салайын,- деп 20 000 (жиырма мың) теңге,барлығы 140 000 (жүз қырық мың) теңге,- деп сұрағасын еңбектері бар ғой, сауап үшін, ренжітпейін,- деп бердім. Д.Жубаниязовқа: «жұмсаған шығындарыңды растайтын шығыс құжаттарыңды беріңдер,- деп талап еткеннен кейін, 2009 жылғы қазан айының 8-і күнімен «Қабақ баба» ҚҚ-ның құрылтайшылары болып жасалған: Төраға: И.Иманов, мүшелері: Т. Ідіріс, М.Сембаев Д. Жубаниязов медресенің құрылысына кеткен шығындарды растап қол қоямыз деп, 4 (бет) Актісін (шығынын растайтын еш құжаты жоқ) әкеліп берді. Қор есепшісі Г.Наурызбаева бұл құжатты (№ 1 Актіні) кіріске де шығысқа да есепке алмаймын, себебі шыққан қаржының шығынын растайтын құжат жоқ; сондықтан өзіңізде болсын дегесін, қазбаламай- ақ қояйын, өйткені Қабақтар бір-бірімен ақша үшін араздасып жатыр,- деген әңгіме тарап кетпесін, онсыз да іштен- сырттан жұмыс жасауға кедергілер (іштарлық, қызғаныш, қорға қомақты қаржы түсіп жатыр деген оймен пайда көргісі келген) көп болып тұр ғой,- деп ойлап, құрылыс прорабы А.Мухамбеттулинге, осы құрылыстың басынан Аманғали ағасына көмекші болып жүрген Қ.Нұрғалиевке мүмкін болса шығындарын растайтын құжаттарды жинап, актіге тіркейік,- дегенмен, кім артқы күндермен құжат берсін, күмәнім болса да, Әркім өзі үшін жауап береді ғой, сондықтан іс -қағаздарына тігіп қойдым. Қ. Ахмедовтың: Пірадарларға берген бұйрығымен «құрылысшылар» жөн - жөніне тарап кетті. Хужраның (медресе) тек жары қаланып, (ол да тегіс емес) төбесі жабылып, екі жақ франтоны ашық, қыстай жел - қар үрлеп, төбенің кейбір қаңылтырын көтеріп кеткен, төбеге төселген жер, құм ұшып, қамысы жалбырап, кішкене бөлменің сыртқы есігін сындырып кеткен, іші тегістелмеген алау- далау болып жатты. Марқұм, Р. Нұржанов ағамыз өзі ауруы батыңқырап жатса да күнде мені телефон арқылы шақырып алып: «Неге келіп, жасап жатқан тіршіліктеріңді айтпайсың, менің білуім керек,- деп реніш білдіргеннен кейін, мен де ақталып: «Сіз ауырып жатқасын мазаңызды алмайық,- деп едім, енді хабарласып тұрамын,- деп уәдемді беріп, хужраның қабырғасы қаланып, төбесі жабылғанын айттым. Содан кейін күнде барып, қасына отырып, жағдайын біліп кететін болдым. Жер туралы мәселе шешілмей жатқанын айтып едім, Рекең: «Маған үш әріптің адамдары ол туралы араласпауымды, сол уақыттағы қала әкімінің орынбасары С. Қалдығұловадан айтып жіберіпті»,- дегесін, мен де қазбаламадым. Бәрі жақсы болады шешілер, болмаса басқа жер алармыз,- деп жұбату айттым. Қайтпас бұрын бала - шағасын, өзінің зайыбы - Ақпатша апайды, мені, қор есепшісі- Г.Наурызбаеваны шақырып, қорға үлесін қосып, маған «Қабақ баба» мешітінің құрылысына өзің басшы бол деп ұсыныс айтты. Мен мемлекеттік мекемеде қызмет жасаймын болмайды ғой,- деп едім онда, біреуді тап деді, сол жерде мен Ы. Сүлейменовке Рекеңнің көзінше телефон арқылы хабарластым. Ыбрайым банк құжаттарына қол қоятын болып Р.Нуржанов ағамыздың көзінше келістік. Рекең батасын беріп, маған аманат етіп тапсырды. Мен бара бергесін: «ағаңның мазасын алдың»,- деп жақтырмағандар да болды, бірақ ағам өзі шақырып жатыр,-деп барып жүрдім. Айтып келген сұм ажал Рекең ағамызды ортамыздан алып кетті, аға қиналып жатыр дегенде, сол үйдің жанында кіруге бата алмай жүргенмін, бір уақытта үзілді деген хабарды естіп, үйге кіріп оң жаққа қойыстық. Қимадық, қиналдық, бірақ «жазмыштан озмыш жоқ»,- дегендей, неше күн ағаға қызметімізді жасап соңғы сапарға, тал бесіктен, жер бесікке Аллаhтың аманатын тапсырдық. Мешіт құрылысының басына қалың түскен қалың қарға қарамай барып көріп қайтып жүрдім.

2009 жылғы 22 қазанда қоғам қайраткері, еңбек ардагері, ұлт жанашыры, ғалым Қазақстан Республикасына айрықша еңбегі сіңген Рамазан Нұржанов дүние салды.

«Аға аманатын орындау біздің борышымыз»,- деп 2010 жылдың алғашқы айларының бірінде, Аллаh разылығы үшін, жеке кәсіпкер, туған інім Б. Рсалиевке: өтініш жасадым. Бітпеген хужраны әрі қарай салып беріп көмектесуін өтіндім, ол сөзге келген жоқ, қыстай түскен қардың ерігеніне қарамай, Сәуір айында барлық шығыны өз есебінен 1 500 000 (бір жарым миллион) теңгеге барлық құрылысқа керек заттарды алып, адам жалдап, хужраның ішін тегістеп,төсеніш (құм,тас) төсеп, еденіне бетоннан стяжка жасап, төбесінің қарсысын қағып, ішін тегістеп сылап, есік - терезесін салып, әкпен әктеп, төбесінің ұшқан қаңылтырын қайта қатайтып қағып, толықтырып, екі жақ франтонын жауып, карнизін қағып берді.

Шынын айтқанда: Б. Рсалиев бауырым айтқанымды істемегенде, мен де денсаулығым да онша болмай, бір жағынан моральдық тұрғысынан шаршап, тек маған керек пе, басқа да баба ұрпақтары бар емес пе?,- деген ой да келді. Бірақ Рахметолла Мүсіркегеновтың үйінен өзім барып, қостырған қаржының көбісін И. Имановтың 1 776 070 (бір миллион жеті жүз жетпіс алты мың) теңгесі желге ұшатын болғасын, қой болмас Р.Нұржанов ағаның аманатын мойныма алғаннан кейін сабырлық қылып, құрылысты әрі қарай жалғастыруды ойладым.

И.Имановтан қалған қаржымен 1700,0 млн. теңге, Р. Нұржанов 300,0 мың теңге, Ә. Кәрібеков, Е. Матқановтар әр қайсысы 100,0 мың теңгеден, 2010 жылы сәуір айында Қ.Жанұзақовтан 300,0 мың теңге, Н.Мырзатаевтан 66,0 мың теңге түскен, басқа кіріс болмады. Осы түскен қаржымен жұмысымызды әрі қарай жалғастырдық. Нұрлан ағамның баласы, інім Берік Тілегенов, жарық есептегіш құралдарын қондырып, жарық беретін желіге тегін қосып берді, кейін де «Энергосистема» мекемесінен жарықты қосу үшін техникалық жағдайын (техусловия, басқа толып жатқан келісім алу, т.с.с.) құжаттарды алу үшін маған көмектесті. Енді су құбырын тарту керек болды. Хужраға су құбырын тарту үшін, бірнеше рет «Ақбұлақ» АҚ- на жолығып көріп едім, маған қымбатқа түсетін болды, өйткені су құбырын Хужраның артындағы көшеден (120-150 метрдей) тарту үшін 1 (бір миллионнан) астам ақша керек болды, қыстағы қардың молдығына қарамай, қарды омбылап, Ақбұлақтың мастері - Бисембай, Қайрат есімді жігіттеріне жолығып, хужраның алдындағы аула ішіндегі қарды аршып, су құбыры құдығын көрсетіп (олар бұл су құбырының құдығының бар екенін білмейді, мен жаз айында су жүргізіп жатқанда көргенмін), суды осы құдықтан тартайық десем көнбейді, бұл жерден судың күші болмайды (напоры аз), бірақ көндірдім, келістік. А. Мұхамбеттулин, Қ. Нұрғалиев т.б. баба ұрпақтары медресе ішіне су құбыры тартылып кіргізілді. Қ. Нурғалиев жылу (отопление) жүргізетін бригада тауып, шарт жасасып, медресе ішіне батареялар қондырылып, жылу жүйесі де іске қосылды.

2011 жылы жиналған қаржы 7049,2 мың теңге болды, соның қаңтар айынан бастап Ә.Кәрібеков 400,0 мың теңге, Н.Сейткамалов, М.Жанасаев, М.Қоқанова (Ж.Құдайбергеновтың зайыбы), әрқайсысы 500,0 мың теңгеден, Мұғалжар ауданының әкімі жерлесіміз С. Шаңғұтов, Х.Нұржанов, Бақытжан Нұржанов, Бауыржан Нұржанов, С.Қосаев, Т.Керімбаевтар отбасы әр қайсысы 200,0 мың теңгеден, Ө. Жанасов 150,0 мың теңге, Р.Рсалиев 115,0 мың теңге, А.Рзабаев, А.Мұхамбетуллин, Н.Князов, О.Өтегенов, Т.Ідіріс, А.Ысқақ қызы, Ә.Низамутдинов, ТОО «СП Глубокский МКК» әр қайсысынан 100,0 мың теңгеден , Р.Мүсіркегенов 3,0 мың доллар қомақты үлестерін қосты.

Ақылдасып, кеңес мешіт орнының табанын көруге бәріміз далаға шығып, ауланы қарадық, сол жерде Жәнібек Құдайбергенов келіп тұрған газдың желісі мешіт орналасатын жерге тым жақын, РПШ орналасқан жері дұрыс емес басқа жерге ауыстыру керек екенін, Толағайға сен бұл іске кіріспе,- деп сол жерде Облгаз инженері Абай Төлепов, Райгаз мекемесінің басшысы Қуаныш Ахметовке тапсырма берді. Абай Төлепов газ жүйесін медресеге дейін өткізіп берді. РПШ, техусловия, басқа да толып жатқан құжаттарын рәсімделуіне, рұқсат алуға маған көмектесті.

«РайГаз» мекемесінің басшысы Қуаныш Ахметов жұмысшыларын жіберіп сырттан медресенің ішіне газ өткізді. Анам, Балжібек қажының жаңадан алып берген 4 (төрт) камфорлы газ плитасын қондырды.

Медресенің сыртын адам жалдап, бірнеше рет сылатып тегістетіп, (өйткені ойық жерлерін толтыру үшін, қайта- қайта балшық ұрып) әктеп, салат түсті бояумен сырлаттым. Жолдасым- Мәрия Серғазы қызымен (Қабақ- Қарабас – Мәмбеталы аталығынан сауат ашу мектебі медресенің ішіне төсеніш төселініп, (ковралан), терезеге жалюздерін, төбеге люстрасын қадап ілдік. Бала оқыту үшін шкафтар, столдар, парталарын жеке кісіпкер Мұхтар Төреханов тегін жасап, медресе ішіне қондырып берді. Баба ұрпағы Н. Алдашев жұбайы марқұм Ғалиямен кішкене бөлмеге жаңа үлкен кілемін төседі. Кухняға үйден диван, стол, шкафтарды әкеліп қойдық. Өзіміз барғанда да шай, тамақ ішу үшін ыдыс- аяқ әкеліп әкеліп қойдық. Осы Хужраның сақталып қалуына (бүлдірііп, қиратып кетуі мүмкін ғой) Қ. Нұрғалиевтың көп еңбегі болды, менде кейде кезектесіп қонып жүрдім.

Қор жетекшісі ретінде Ақтөбе қаласының Әкімі А.Мухамбетовтың атына 17.09.2009 жылы жерді қайта рәсімдеп аударып беруін сұрап хат жазсам да, жерді аударып алу мәселесі қиындап кетті. Қ.Жұбанов атындағы өңірлік педагогикалық университетінің деканы, «Қабақ баба» ҚҚ- ның Ұйымдастыру алқасының мүшесі, қор хатшысы С. Мұхтаров: Алматы қаласында тұратын баба ұрпағы, қоғам қайраткері, жазушы, ақың, С. Құттыбаевқа хабарласып, жер туралы мәселені шешіп беруін өтінген, мен де қиындық туып турғанын хабарлағанмын. С.Құттыбаев әдейі келіп жер мәселесін шешіп берді. (Сәкең қазіргі, ҚР Жоғарғы Палатасының депутаты, Сенатор, сол кездегі Облыс әкімі Е.Н. Сағындықовпен сыйлас, досы болатын, Әкімге кел деген жеріне, жолығу үшін жағдай жасап қасында болдым).

Сонымен мешіттің жобасы жөнінде басқа ұсыныс болмағандықтан Ақтөбе облысына белгілі құрылысшы, «Санжар» ЖШС-нің басшысы, марқұм, Тұрымбетов Амантайға мешіттің жұмыс жобасын, түсіндірме жазбаларын, сметасын жасап беруін өтініп сұрап едім (өзі бір жағынан Қабақ - Сексен аталығына күйеу, әрі жолдас) ол келісімін берді. Бірнеше мешіттерге барып қарап, қаланың бұрынғы бас архитекторы - Н. Боранбаевпен бірігіп жобаны жасайтынын, алдын ала келісім бойынша қаржы беруімді, содан кейін кірісетінін айтқасын, мен қолхат алып аванс есебінде сұраған қаржысын бердім. Марқұм, Амантай Тұрымбетов мешіттің жобасын, жұмыс жобасын, түсіндірме жазбаларын, сметасын жасап берді.

Мешіт құрылысының жобасы, Сонымен: 2010 жылғы тамыз айының 20 күні № 04-08/380 Ақтөбе қаласының Әкімі жанындағы Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі Кеңес отырысының «Қабақ баба» ҚҚ- ның мешіт құрылысын салуға хаттамасының көшірмесін;

· 2010 жылдың 20 желтоқсанында Ақтөбе қаласының Әкімінің «Қабақ баба» ҚҚ- на 4300 шаршы метр жер учаскесін мешит ғимаратын салуға пайдалануға берілсін деген № 3473 Қаулысын;

· Ақтөбе қаласының жер қатынастары бөлімімен 2010 жылғы 27 желтоқсандағы №717 жерді пайдалану туралы Типтік шарт жасасып, жер Актісін, қалалық архитектурадан АПЗ (Архитектурно- планировочное задание), сол аумақтың түсірілген сүгіреті, яғни выкопировкасын;

· Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің бас имамынан: Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының «Қабақ баба» атындағы мешітті салуға рұқсат етеді деген 2011 жылғы тамыз айының 15 –ші күнімен № 219 бұйрығын алдым;

· Әлі салынбаған мешіттің «Қабақ баба» атын алып, Қазақстан Мұсылмандар Діни басқармасы Ақтөбе облыстық «Нұр- Ғасыр» орталық мешітіне тіркетіп, мешіттің бүкіл құжаттарының көшірмесін беріп, «Нұр- Ғасыр» орталық мешітінің өкіл имамы Ә. Дәуренбековтың бұйрығымен «Қабақ баба» мешітінің имамы болып Руслан қажы Елемесов тағайындалды, Рамазан айында тараух намазын осы медреседе оқыдық:

· Мешіт құрылысының жұмыс жобасына келісім қортындысын: «Санитарлық- эпилиомегиялық сараптау қортындысын», «Қоршаған ортаны ластау орталығынан», «Главпроектстрой ҚК-ның сараптау қортындысын», «Технадзор сараптама қортындысын», «Төтенше жағдайлар департаменті»-нің т.б. толып жатқан келісімдерін, басқа да құжаттарын 22 (жиырма екі) мекемеге жүгіру керек екен, ауызға оңай болғанмен, төзімділік жасап осы құжаттар дайындадым.

· ЦОН мекемесіне барлық құжаттардың көшірмесін жасап (құрылтайшылардың құжаттары, жердің қаулысы, жер актісі, типтік шарт, т.б. толып жатқан құжаттар) БТИ - ға тапсырып тіркетіп, кейін тіркелгені туралы құжаттарды алдым;

Ақтөбе қаласы бойынша Салық басқармасына салық төлеуші ретінде (жерге төленетін салықты тіркету үшін де біраз жүгіруге тура келді, себебі жер қаулысында бір жерінде ақысыз, тегін (безвозмездно) десе, бір жерінде салықтарын төлейді деген, бірақ Облыс салық департаментінің басшысы М.Райымқұловпен, осы сұрақпен айналысатын басқарма бастығы А.Нағметовамен Салық кодексін бірге қарап, төленбейтін етіп шештік. ЦОН- нан алынған құжатқа, мамандарға қол қойдырып, мөр бастырып алдым), Статистика агенттігіне, Әділет департаментіне тіркелді. 2012 жылы жиналған қаржы барлығы 1999,5 мың теңге болды, соның ішінде С.Жаңабаев 300,0 мың теңге, А. Дүйісов, С. Құттыбаев, С. Әбдіраймовтардың жанұясы әр қайсысы 100,0 мың теңгеден, Шалқар Локомотив депосынан 150,0 мың теңге болды. Баба ұрпағы Қ. Төлегенов мешіт құрылысының басына 150 мың дана қызыл кірпіш түсіріп беретін болған, соның отыз мың данасын түсірді. Баба ұрпағы Жолдыбай Кемеров: «Мен темір бетон материалдарын дайындайтын заводтың директорымын, келесі жылға, құрылысқа керек фундамент блоктарын, подушка т.б. дайындап қояйын»,- дегесін (мешіт құрылысының прорабы- А.Мухамбеттулинмен келісіп) өзі жерлес, баба ұрпағы болғаннан кейін, жиналған 2 000 000 (екі миллион) теңгені, қол хатпен берген едім, бірақ кейін соның азабын тарттым, олай дейтін себебім, бұрын оның сырын білмейді екенмін, өзі құқық қорғау органдарынан қашып жүрген адам екен, банктегі есеп шоттарын қаратсам жабық, оны салық департаменті мамандарынан біліп қатты уайымдадым, түнімен ұйықтай алмай жүрегім ауырды,қан қысымы, шекерім көтерілді. Ол ақшаны алып Астанаға өзінің проблемасын шешу үшін тайып тұрған екен, содан 6 айға дейін телефонын көтермеді, хабар болмады. Наурыз мерекесі 22 күні бүкіл зиялы қауым: оның ішінде Сматулла Беркімбаев, Жолдыбай Түменов, А. Тәңірбергенов, Ж.Омаров, Мәрия қажы Сейткамалова, З. Бибіғатша қажы Рамазанова, Ақпатша, Роза жеңгейлер, Әсия қажы Юсупова, Балжібек қажы, Зейнулла қажы Төлеутаев, Ғалым қажы Даулеталин т.б. қажылар мен бабаның үлкенді- кішілі ұрпақтары, көрші- көлемдерге өз әулетімнің және күйеу балам Қанат Ақшолақов, қызым Айнагүл өз әулетінің атынан 2 қой сойып, (2 қазан ет, 1 қазан күріш, 1 қазан наурыз көже) садақа беріп, өлі әруақтарға құран бағыштатып, бір - бірімізбен көрісіп, бата алдық. Күн жылына Аллаh сәтін берсін!,- деп А.Мухамбетуллин өзі бас болып, Қ. Нұрғалиев, С. Мұхтаров т.б. жігіттер мешіт құрылысының табанын (фундаментін) трактор жалдап қаздырдық, «Тролейбус паркінің директоры Ә.Тәжмұратов, Автопарк директоры С.Шолақовтар да мешіт табанын қазуға, тегістеуге тракторларын беріп көмектесті. Қолдағы қаржы 2 000 000 (екі миллион) теңгені Ж. Кемеров алып 5-6 ай жоқ болып кетті, ақыры жолығып, заводынан А. Мухамбеттулин екеуміз менің машинаммен қайта- қайта барып, көлік жалдап (кран, блок таситын машина) көнесі бар, жаңасы бар фундамент блоктарын, көлемі әр- түрлі подушка түсірдік, бірақ бізге қымбатқа түсті. (кейін білдік газеттегі, теледирадағы жүгіртпе жолдардағы хабарламаға жүгінгенде өздері тасып әкеліп арзанға түсетін реті бар екен). Фундамент блоктары жетіспеді, сондықтан өзімнін Халық банкісіндегі жинақ кітабындағы 2- ші топ мүгедектігіме байланысты алатын көптен бері жиналып қалған пенсиямды 530 000 (бес жүз отыз мың) теңгені, «АМГ» АҚ- на Р. Мүсіркегеновтың жұмыс орнына барып 3 000 (үш мың) долларды өзіме сұрап алғандай болып, (нағашы- жиендігіміз бар) фундамент блогын алып салдық.Фундамент блогі әлі жетіспей жатыр дегесін, «Элеваторстрой» ЖШС-і құрылыс мекеме басшысы Т. Таңатаровқа барып: қаржы болмай тұр, 12 (он екі) фундамент блогі жетіспей тұр, көмектесші,- деген өтінішіме үйінің қасында жинаулы тұрған блокты алыңыздар,- дегесін А.Мухамбетуллин үйінің қасынан көлік жалдап алып келіп салып, цокольный этажды бітірдік- ау.Сонымен, мешіт құрылысының фундаментін (подушка, үш қатар фундамент блогы) цокольный этажын қалап бітіріп, сомаламен, іші- сыртын қарамайлап қойдық. Фундамент подушкасын, блоктарының қалануына бүкіл баба ұрпақтары қатысып көмек берді. Оның ішінде: А: Мухамбетуллин мен Қ. Нұрғалиевтің еңбегін ерекше атап өтуге болады. Аллаh разы болсын! Ақтөбе облысы «Нұрғасыр» орталық мешітінің өкіл имамы Ә,Дәуренбеков: «Негізі мешіт асты таза болу керек, ертең астында туалет, асхана болса жоғарыға иісі келеді»,- дегесін, ойланып, шамалап қана топырағын алған едік. Әрі қарай құрылысты жалғастыруға қаржы болмады, медресемізге Қ.Нурғалиевтың әкелген қорықшысын қойып, өзіміз де арасында барып қарап, көршілерге, С.Қалдыбаев бауырымызға (оның да көмегі зор болды) тапсырып қойдым. Қайрат қорықшымыздың тұрақты жұмысы жоқ, ішкілікке үйір болды, ең болмаса осы медресеге қарап, бүлдірмесе екен,- деген тілекпен, жұрт өз үйлерінің төлемақыларын (комуслугаларын) төлей алмай жатқанда, мен 2012 жылдан 2015 жылға дейін (газ, жарық, телефон т.б.) төлемдерін төледім, әйтпесе қыстың көзі қырауда газды, телефонды ағытып, қиып кетіп, қайта жалғатқан күндерім болды. Әкесі қайтыс болғаннан кейін қорықшы Қайратымыз: «сенген серкем сен болсаң»,- дегенге келтірді, медресе есігінің кілтін жоғалтқан, есіктерді бұзып ашқан, 3- 4 ай есіктерді тек қапсырып, ессіз қалдырып кеткен күндері болды, соның бәрі жүйкеге қатты әсер етеді екен. Ал жарық үшін інім Б.Тілегенов өз бақылауына алғасын маған көп салмақ түскен жоқ, өзі тоқтың есебін алып, төлейтін сомасын есептеп беріп тұрды. Сонымен, 2013 жылдан мешіт құрылысы ешқандай қимылсыз тоқтап қалды. Ешқандай кіріс (қаржының түсімі дегендей) болмады. Кері әсер ететін кейбір адамдардың сөзінен, уайымнан қан қысымы, шекер, жүрек ауруына шалдығып, жүрекке ота жасаттым.

2015 жылдың 15 ақпанында Аманғали Модиұлы: «Имұхамбет, мен осы құрылыстың басы - қасында жүрмін ғой қаракеңдердің (Қарабастардың) балаларымен» сөйлестім, көп жария қылмай – ақ қордың, мешіттің барлық құжаттарын маған бер, мешіт құрылысын әрі қарай біз жалғастырайық»,- деген соң, барлық құжаттарды сеніп бердім. Өйткені А.Мухамбетуллиннің тазалығын, адалдығын адами қасиетін сыйлайтын едім, сондықтан мен оған сеніп, алым- берім актісін үйден жасап келейін дегесін, өзім үйіне үлкен коробкаға барлық құжаттарды салып (жиырманың үстінде іс- қағаздары) апарып тастадым. Бірақ, алым – берім актісін жасасып, қол қойылып, алыс- беріс болған жоқ. Мешіт құрылысы үшін жасалған барлық іс- шараларды мешіт салу үшін көптеген рұқсат қағаздарын алу, мешіт жобасына байланысты, т.б. жұмыстарды құрылыс прорабы А.Мұхамбетуллин, Қапар Нұрғалиевпен жеке жеңіл көлігіммен,Промзонадағы заводтарды аралап, құрылыс материалдарын іздеп, заводтармен келісіп, кран, үлкен көліктерді жалдап, ақысыз тегін жасағанымызды да айтпасқа болмайды.Кейбір баба ұрпақтарынан: «Иеке, осы мешіттің салынуына біраз қызмет еттіңіз, неге мешіт құрылысының басына келіп жиналысқа қатыспайсыз»,- деген сұраққа: жиналыс бола қалса, ақылшы көп, бірақ еш көмегі жоқ, мен бос сөзді жек көремін, үш - төрт жаратпайтын адамдарымның бар екенін, аттарын атамай- ақ қояйын өздері біледі: жұмсаған қаржының шығынын қалай болса солай жұмсап, растайтын құжат бермеген; Алты ай бойы 2 000 000 (екі миллион) теңгені алып Фундамент блоктарын, подушкасын құйып дайындай берейін,- деп Астанаға қашып кетіп, қан қақсатып қойған; «Қорды маған аударып бер, мешіт құрылысына банктен Россияның (рубль) есеп шотын ашсаң болды қанша қаржы (60 миллионнан 100 миллионға дейін) керек соны беретін адам табылып тұр, деген (банктен рубль есеп шотын да аштық). Осы бауырларымызды көрсем, олардың қылықтары есіме түсіп, қан қысымым көтеріліп кететін болғасын бармайтынымды А.Мухамбетуллинге басқа да жігіттерге айтқанмын, бірақ жиналысқа БЕКЕ ұрпағынан Мұхтар Мырзатаев қатысатын болып келістік. 2016 жылы Наурыз айының 18 күні құрылысы бітіп тұрған мешіт жұмысын жасай берсін деген ниетпен баба ұрпақтары, шақырылған қонақтар зиялы қауым үлкендер, қала әкімінің орынбасары Қ. Әлімовтың қатысуымен «Қабақ баба» мешітінің ашылу салтанаты болып, ағаш үйлер тігіліп баба рухына құран оқылып, ас берумен қорытындыланды. Тамыз айының 20 күні, мешіт құрылысын толық бітіріп, ауласы қоршалып, ауласына түрлі- түсті брусчаткалары төселіп, дайын болғаннан кейін, Қ. Жұбанов атындағы өңірлік университетінің «Жастар сарайында» Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Асқар Шерияздановтың қатысуымен танымдық конференция өтті.Конференцияға жан- жақтан көптеген ғалымдар қатысты.Конференциядан кейін екі жарым мың адамға есептеп, бес жылқы сойылып, 15 ағаш үй, 200 адамдық палатка тігіліп, әр ағаш үйге Қабақ бабадан таралған аталықтардың аты, басқада аталықтардың ауыл аттары жазылды. Бүкіл қала, облыс, Республика көлеміндегі баба ұрпақтары, мекеме басшылары, мәслихаттың аудан, қала, облыс, республика көлеміндегі депутаттары, алты ата «Әлім», «Он екі ата байлы», «Жеті ру», «Төрт шөмен» руларының тізімін алып, дайындаған шақыру билетімен, үлкен ас берілді. Былай қарағанда осы іс-шараларды өткізу, басқа біреудің атындағы жерді аударып алу, құрылыс жобасын сыздырып, басқа да толып жатқан рұсат қағаздарын алу айтар ауызға оңай болғанмен, шын мәнінде қиындықтар туғызды.

· Иншалла! Абырой ортақ, осы мешіт, медресенің құрылысына қомақты үлес қосқан, қол ұшын берген барша баба ұрпақтарына, басқа да ағайындарға Аллаh разы болсын!