

Ұрпақ тәрбиесіне – игілікті іс
Еліміздің шынайы егемендікке қол жеткізуіне байланысты өткен тарихымызға жаңаша көзқарас тұрғысынан қарап, пайымдаудың мүмкіндігі туғаны белгілі. Егемендіктің өткен жиырма жылында бұл жолда қыруар шаруа атқарылды: халық ықыласы мен билік қимылы бір жерден шығып, талай тарихи тұлғамызды ұрпақ таныды. Ақтөбе облысындағы бұл шаруаның орындалу жайы да көңіл қуантады, кезінде 1992 жылы республикалық деңгейде Тама Есет Көкіұлының 325 жылдығына арналып өткен кешенді іс-шарадан басталған игілікті іс күні бүгінге дейін жалғасын тауып келеді. Толығымен »
Қабақ Бабама хат
Қабақ Бабама хат деген өлеңнің жазылуына ақын Сансызбай Құттыбайұлының Бабаларға бас ием деген еңбегінің өмірге келуі және марқұм Рамазан Нұржанов ағамыздың ыждағаттықпен бастаған ақ ниетті ісін ізбасар інілерінің соңғы жылдары Қабақ Бабамыздың тарихына терең бойлап, зерттеулер, естеліктер жинап, жатпай – тұрмай қадірлі Бабамыздың қазақ тарихынан алатын орнын анықтауға бел шешіп кірісуі себеп болды. Оның нәтижесі де, құдай қаласа биыл Қабақ Бабамыздың 400 жылдық мерекесіне арнап ашылатын сәулетті құрылыс нысаныда іске қосылып, халықтың пайдалануына берілмек. Бұл үлкен істің аброймен аяқталуы бүткіл қазақ баласының, қалды әрбір қабақ баласының намысына сын екенін әрдайым есте сақтайық. Толығымен »
«Әніме мен салайын «Тілеу - Қабақ»
Жақында Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының Студенттер сарайында осындай атпен облыстық ақындар айтысы болып өтті. Іріктеліп 8 ақын қатысқан бұл айтыс облыстық Халық шығармашылығы үйі мен «Қабақ баба» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Айтұлы Қабақтың 400 жылдығына арналған шаралар шеңберінде өтіп отыр. Толығымен »
«Әніме мен салайын «Тілеу - Қабақ» атты ақындар айтысы өтті
Тілеу-Қабақ (ғылыми мақалалар жинағы)
«ҚАБАҚ БАБА» қоғамдық қоры. Тілеу-Қабақ (ғылыми мақалалар жинағы) – IV, Ақтөбе. Толығымен





















































